30-ШЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ИНТЕРЬЕР КӨРМЕСІ
30-ШЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ИНТЕРЬЕР КӨРМЕСІ

БІРЕГЕЙ ТЕНТТІК ҚҰРЫЛЫМДАР, ҚАСБЕТТЕР, КІРУ ТОПТАРЫ, СПОРТТЫҚ ҚҰРЫЛЫСТАР, ИНТЕРЬЕРЛЕР, ҚОҒАМДЫҚ КЕҢІСТІКТІ ЖОБАЛАУ

logo APS

"APS Engineering" компаниясы 16 жыл бойы Қазақстан нарығында Тоқыма архитектурасы саласында жетекші орынға ие. Компания қызметінің негізгі түрі мембраналық материалдарды пайдалана отырып, объектілер мен конструкцияларды жобалау, өндіру, салу, жағалауларға, саябақтарға арналған қоғамдық кеңістіктерді жобалау, әлемдік көшбасшылардан ойын және спорт жабдықтарын жеткізу, тенттік конструкцияларды прокаттау қызметтерін қамтиды.

APS MirasAPS shater

 

 

 

 

 

 

 

 

Көрмеде ұсынылатын брендтер: Serge Ferrari SAS (1973 ж.,қалғ. Франция), KOMPAN (Дания)

Біздің компания мынадай халықаралық және ұлттық жобаларды іске асыруға белсенді қатысты:

  • СҰҢҚАР Халықаралық шаңғы трамплиндері кешенінің трибуналары мен қасбеттерінің пилондарын жабу;
  • Республика сарайы фойесінің аспалы төбесі;
  • "Мирас" салтанат залының қасбеті;
  • ЕҚЫҰ, АЭФ, КАДЕКС, Унивесиада және басқа да мемлекеттік іс-шараларға арналған ұтқыр қаңқалы-тенттік құрылымдарды монтаждау / демонтаждау.
  • EXPO-2017 халықаралық көрмесі, сондай-ақ Ақтөбе, Павлодар, Ақтау, Атырау, Талдықорған, Түркістан қалаларындағы, Ашхабад (Түрікменстан), Масис қаласындағы (Армения) қоғамдық кеңістіктерді, жаяу жүргіншілер көшелерін, саябақтар мен жағалауларды абаттандыруда.

Shkola APS

"APS Engineering" компаниясының жеке дизайн бюросы, жобалау тобы және толық жабдықталған, заманауи жоғары технологиялық өндірісі бар.

Әр түрлі үй-жайлардың құрылысы - тұрғын, қойма және кеңсе үй-жайлары, концерт залдары, паркингтер, Шапито цирктері, жазғы алаңдар;

Өнеркәсіптік құрылыс - газға, ауыз суға және басқа да заттарға арналған резервуарлар, геомембрандар, газгольдерлер, мұнайдың төгілуін болдырмауға арналған бөгегіш бондар, бұрғылау қондырғыларын бүркемелеу, жүк автомобильдеріне арналған жабындар;

Агроөндіріс саласындағы құрылыс - астық сақтау қоймалары, жануарларды ұстауға арналған ангарлар, арнайы техника, ұтқыр баспаналар;

Әскери құрылыс - әуе және арнайы техникаға арналған ангарлар, шатырлар, жедел орналастыру госпитальдары, дезактивациялық душтар және т. б.;

Спорт ғимараттарының құрылысы – бассейндер, мұз ареналары, стадиондарды жабу, теннис корттары, фитнес-клубтар;

Интерьерде және экстерьерде - қасбеттерді әрлеу – аспалы төбелер, жарнамалық алаңдар, аудио және визуалды жайлылыққа арналған қоршаулар.

Өнімнің толық тізімімен компанияның ресми сайтында танысуға болады, ал Instagram парақшасына жазылу арқылы Компанияның жаңалықтары мен акциялары бойынша ең соңғы ақпаратты аласыз.

Сайт: http://aps-investment.kz/ru

Instagram: @aps_investment