31-ШI ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ИНТЕРЬЕР КӨРМЕСІ
31-ШI ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ИНТЕРЬЕР КӨРМЕСІ

Стенд салушыларға арналған ережелер

Көрмені ұйымдастырушы ретінде Iteca компаниясы, коронавирустық инфекцияның таралу қаупі (COVID-19) жағдайында ұйымдастыратын көрменің қауіпсіздігіне үлкен мән береді. Осыған байланысты біз көрме іс-шараларын салушыға жаңа қауіпсіздік стандарттары тұрғысы ережелерін дайындадық.

КӨРМЕ АЛДЫНДА

  • Жинау / бөлшектеу жұмыстарын жүргізген кезде сізде тыныс алу мүшелері (маскалар, респираторлар) мен қолдар (қолғаптар) үшін жеке қорғаныс құралдары болуы керек. Көрме алаңына бетпердесіз кіруге тыйым салынады.
  • Өзіңіздің және қызметкерлеріңіздің қол тазарту құралдары мен жеке тыныс алу органдарын қорғауға арналған құралдардың (маскалар, респираторлар) болуын қамтамасыз етіңіз, оларды кем дегенде 2 сағатта бір рет жаңарту қажеттілігін ескеріңіз.

СТЕНДТІ САЛУ МЕН ДИЗАЙН

  • Көрме стендін жасау кезінде денсаулықты қорғау барлық шараларын қарастырыңыз. Мысалы, әлеуметтік арақашықтық, стендтегі минималды персоналдың жұмысы, стендтегі материалдардың азайту, демонстрацияға шығарылатын өнімдер ассортиментінің азайту және т.б.
  • Қолды антисептикамен тазалауға арналған орынды қарастырыңыз.
  • Әлеуметтік арақашықтықты бақылау үшін түрлі белгілерді, едендік белгілерді қолданыңыз.
  • Экспонаттарды стендтің өлшеміне сәйкес орналастыруды қарастырыңыз. Мысалы, келушілердің дәлізіне қарайтын экспонаттар назар аударауды және стендтегі кептелісті азайтады.
  • Келушілерді қарсы алатын стенд алаңдар әлеуметтік қашықтық стандарттарына сәйкес құрастырылуы керек (кемінде 2 м).
  • Физикалық байланыстарды азайту үшін қол құралдарын жұмысшылар бір-біріне бермеуі керек.
  • Стенд жобасында қатысушылар клиенттермен немесе командамен жеке кездесулер өткізуді жоспарлап отырған аймақтарда физикалық бөлгіштерді пайдалануды қарастырыңыз.
  • Сіз стенд қабырғаларындағы экрандарды қатысушылардың бүкіл ассортименттегі өнімдерді көрсетудің орнына, бірнеше өнімнің виртуалды көрсетілімін өткізу үшін пайдалана аласыз.
  • Жиһазды стендте орналастыруды, қашықтықты (кемінде 2 метр) сақтауды ескере отырып, сондай-ақ тиісті көрсеткіштер мен шектеу белгілерін орната отырып, стендке бөлек кіру және шығу жолдарын қарастырыңыз.
  • Стендте бір мезгілде болатын қатысушылардың, келушілердің және өзге де адамдардың санын есептеу, оларды орналастыру / отырғызу 4 шаршы метрге 1 адам есебінен жүргізіледі.
  • Стендті, қатысушылар келушілер мен қызметкерлердің тығыздығын бақылау алатындай етіп жобалаңыз.

СТЕНДТІ ОРНАТУ КЕЗІНДЕГІ ГИГИЕНА

  • Құрылыс салушылар өздері жұмыс істейтін стендтерде санитарлық-гигиеналық шаралардың сақталуына жауап береді. Сіздің қызметкерлеріңіз оңай пайдалана алатын ақпараттық плакаттар/тұрғыштар мен қолды тазартқыш құралдарды орнатуды ұмытпаңыз.
  • Әр 2 сағат сайын стендтегі барлық беттерді дезинфециялаңыз: үстелдер, есік тұтқалары, витриналар, тұрғыштар, құралдар және т. б.
  • Стендті тапсырар алдында дезинфекция құралдарын пайдалана отырып жинауды жүргізіңіз.
  • Стендте пайдаланылған жеке қорғаныс құралдарын полиэтилен қаптарға жинауды ұйымдастырыңыз, содан кейін тұрмыстық қалдықтар ретінде жойыңыз.
  • Стендке кіре берісте коронавирустың таралуын болдырмау шараларын сақтау қажеттілігі туралы мәтіндік, көрнекті ақпаратты орналастырыңыз.

КӨРМЕНІ САЛУ КЕЗІНДЕ ЖЕКЕ ҚОРҒАНЫС ҚҰРАЛДАРЫН ҚОЛДАНУ

  • Сіз компанияңыздың стендті салу/бөлшектеуге қатысатын барлық қызметкерлеріне тыныс алу органдарын (маскалар, респираторлар) және қолды (қолғапты) жеке қорғау құралдарын ұсынуға, сондай – ақ олардың дұрыс пайдаланылуын және уақтылы ауыстырылуын бақылауды жүзеге асыруға міндеттісіз.
  • Сіз бұл қорғаныс құралдарының қажетті стандарттарға және гигиеналық шараларына сайкес екендігіне көз жеткізуіңіз керек.
  • Қызметкерлер стендтер салу кезінде бетке арналған қорғаныс қалқандарын пайдалану, сондай-ақ оларды қолдануы келесі ережелеріне назар аударыңыз:
    • Қорғаныс қалқандарын пайдалану алдында қолды жуыңыз.
    • Бет қалқандарын күн сайын ауыстырып, қолданар алдында дезинфекциялау керек.
    • Егер оларды жууға болатын болса, онда қорғаныс қалқандарын өндірушінің нұсқауларына сәйкес жуу керек. Егер олар жуылмаса, оларды жою қажет.
    • Бір бет қалқанын тек бір адам қолдануға рұқсат.