30-ШЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ИНТЕРЬЕР КӨРМЕСІ
30-ШЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ИНТЕРЬЕР КӨРМЕСІ

KazBuild 2022 ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ПІКІРЛЕРІ

Беркунова Татьяна, "ШАХИНТЕКС Интернешнл Компани" ЖШҚ:

KazBuild 2022 көрмесіне біз алғаш рет қатысып отырмыз, қатысушылардың бұрын-соңды болмаған белсенділігін байқадық. Көрмеде танымал коллекцияны да, біздің өнімдеріміздің жаңалықтарын да ұсынамыз. Біз нарыққа ұсынатын, ресейлік өнімдер сұранысқа ие екендігімізге өте қуаныштымыз. Біз клиенттердің үлкен ағынын және жақсы реакцияны көреміз. Келушілердің белсенділігі мен жасалған келісімшарттар көрмеден күткен барлық үміттерімізден асып түсті. Келесі жылы да қатысуды жоспарлап отырмыз.


Ершов Владимир, "СТРОЙНЭТ" ЖШҚ:

KazBuild 2022 көрмесінде өз өнімдерімізді таныстыра отырып, біз көрмеге риза екенімізді атап өтуге болады. Бұл біздің алғашқы тәжірибеміз емес. Биылғы жылы келушілер тарапынан дүрбелең мен үлкен қызығушылық бар. Біз Қазақстанда бірнеше нысанды іске асырдық және 2021 жылы көптеген белсенді жұмыстар болғанын атап өткім келеді. Ұйымдастырушыларға өз өнімдерін ұсынуға және өз жобалары туралы айтуға мүмкіндік бергені үшін рахмет. Өте жақсы шешім. Жақсы көрме, біз оған одан әрі қатысамыз.

 


Аденова Гаухар, "Мир Паркета":

Біздің компанияның миссиясы - паркет, оны тұрғын үй және коммерциялық мақсаттарда қолдану туралы мүмкіндігінше көп адамдардың білуі, өйткені паркет сіздің үйіңіздің негізі болып табылады. Бұл көрмеде, ең алдымен, біз әлемге өзімізді көрсеткіміз келеді. Әлем бір орында тұрмағандықтан, көптеген жаңа компаниялар пайда болуда, үлкен даму жүріп жатыр – назарда болу маңызды. Біз сатып алушылардың талаптарына сай болғымыз келеді, көптеген мәмілелер жасасқымыз келеді, жаңа клиенттер тапқымыз келеді. Біз өз компанияларымыз туралы мүмкіндігінше көп айтқымыз келеді, өйткені бұл имидж үшін де маңызды. Көрмеде біз мақсатты клиенттерге көптеген келулерді көріп отырмыз. Біз болашақта мәмілелер жасайтын серіктестер таптық. Келесі жылы көрмеге міндетті түрде қатысамыз


Херави Мехди, «Белый Дом»:

Біз Қазақстан-Иран компаниясымыз, Қазақстан нарығында түрлі-түсті материал өндірушілерміз. Қазір бізде «Sniezka» поляк компаниясымен бірлескен жоба бар. Көрмеге 4 рет қатысып отырмыз. Бірақ соңғы рет 2015 жылы қатыстық. Бұрын, негізінен, шетелдік компаниялар болған, қазір көптеген жергілікті өндірушілер бар, қатысушылар көбейіп кетті. Біз мақсатымызға жеттік, нәтиже бар. Қатысқанымызға қуаныштымын. Үнді компанияларының белсенді қатысуын байқадық. Ираннан өкілдер аз, бірақ болашақта бұл мәселені шешуге болады, өйткені көптеген тілек білдірушілер бар. Бүгінгі таңда Иранда құрылыс материалдарын өндіру жоғары деңгейде.


Дмитрий Гладышев, «Kingspan»:

KazBuild көрмесіне біз үнемі қатысамыз. Өткен жылы үлкен көрме болды, биыл келушілер одан да көп. Біздің статистикаға сәйкес 1 күнде бізге 80 ден астам адам келді. Олардың жартысы ақпаратты одан әрі сұратуға өтінім қалдырды, 30-ға жуық адам жобаларға нақты сұраулармен келді. Келушілердің кәсібилігіне өте ризамыз, бұл дизайнерлер, құрылысшылар және соңғы тұтынушылар. Қазақстан сапалы құрылыс материалдарымен бүлінбеген, сондықтан біз қазақстандық клиенттердің халықаралық өнімдер мен әлемдік брендтерге қол жеткізе алатынына қуаныштымыз.


KazBuild 2021 ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ПІКІРЛЕРІ

Майфат Александр, «А-профиль» зауытының (Қазақстан) сату бөлімінің бастығы

Үзіліске қарамастан, 2021 жылғы көрме біз үшін өте сәтті және жемісті өтіп жатқаны сөзсіз. Біз жаңа байланыстарды жақсарттық, әлеуетті клиенттермен таныстық. Аталған көрме біздің компаниямыздың дамуына зор үлесін қосты деп үлкен сенімділікпен айтуға болады. Біздің клиентіміздің портреті жеткілікті қалыптастырылған, бұндай адамдар өз мақсаттарын нақты түсініп, тура осы жерге келеді. Пандемиядан кейін бизнес оянды, адамдар көрмеге белсенді түрде келуде, құрылыстарын жүргізіп, біздің өнімдерімізге белсенді қызығушылық танытуда. Бұл осы көрмені ұйымдастырушылардың үлкен еңбегі және оларға үлкен алғыс білдіреміз, себебі жандану бар, нәтиже бар, ал бұл – ең бастысы! Өткізу жүйесі үздік ұйымдастырылған, барлығы реттілігімен жұмыс істейді. KazBuild 2022 көрмесінде біз өзімізді қайтадан таныту және өте өзектілердің барлығын көрсету үшін тағы қатысуды жоспарлап отырмыз!


Асанова Евгения, Assanov Group (Қазақстан) директоры

KazBuild көрмесіне қатысқаннан біз керемет әсер алдық, себебі бұл біздің алғашқы рет қатысуымыз және нағыз мақтаныш – бұл Қазақстанның нарығына Albert Genau деген брендпен шығу. Біз үлкен ынтамен стендте өнімімізді көрсеттік, келушілер тарапынан қызығушылық бізді өте қуантты. Бірінші күні бізде өнімдердің каталогтары тауысылып қалды, біз бұндай дүрлікпені күтпеген едік. Ұйымдастыру деңгейін де атап өткіміз келеді, COVID19 кезінде барлық санитарлық шаралар сақталған, ұйымдастырушылар қатысу мерзімінде барлығына қолдау жасайды. Көрменің аудиториясы толығымен мақсатқа сай, адамдар біздің қызмет түрі бойынша нақты сұрақтармен келеді. Бұл жерде соңғы клиентпен қоса, өнім дилерін де табуға болады. Келесі жылы аса үлкенірек алаңда стендпен және Түркиядан өзіміздің әріптестерімізбен қатыса аламыз деген үміттеміз.


Вохидов Шахбоз, «Mexmash» (Өзбекстан) ААҚ маркетологы

KazBuild көрмесінде бізбен жұмыс істеуге дайын, өзіміздің өнімдерімізге көп қызығушылық танытқан клиенттерді таптық. Біз өзіміз үшін ұзақ мерзімді әріптестік нұсқаларын белгілеп алдық. Көрмеде біздің тауарларға қызығушылық танытқан және әріптестік шеңберін кеңейткісі келетін құрылыс компаниялары өте көп. Біздің компания қарқынды дамып, өсіп келеді, Әзірбайжанда, Қырғызстанда, Тәжікстанда біздің өкілдеріміз бар, енді міне Қазақстанның нарығына да кірдік. Қатысудағы нәтиже біздің күткенімізден де асып түсті, біз 2022 жылы Алматы бойынша ғана емес бүкіл Қазақстан бойынша әріптестерді табу үшін тағы келгіміз келіп отыр. Ұйымдастыру барлық еуропалық стандарттарға сәйкес, біз салыстыра алатындай нәрслер бар, сондықтан да KazBuild командасының бірінші класстағы жұмысын сенімділікпен атап өтеміз.


Мыханов Абылкаир, «PENOPLEX» (Ресей) техникалық маман

Біздің компания көз өнімін көрмеде бірінші рет ұсынып отырған жоқ, ал біз өзімізді сапалы құрылыс материалдарын күшті өндіруші ретінде жайғастырдық: жылу, гидрооқшаулау. Келушілер белсенді қызығушылық танытуда, біз бұл жерде жаңа танысушылықтарды бастап әріптестік қарым-қатынастарды дамытамыз. Пандемиядан кейін көрменің бұрынғы мастшабына оралу қиын, бірақ үзіліс уақытын және өткен пандемияны ескергенде көрме жақсы ұйымдастырылған. Біз клиенттерге және әріптестерге біздің компания бұрынғыдан күшті және бәсекеге қабілетті екенін көрсету үшін KazBuild 2021 көрмесіне қатысуды шештік. Келешекте 2022 жылы біз тағы да қуана қатысатын боламыз!


Зарубина Варвара, «Удмурт Республикасын дамыту корпорациясы» АҰҚ (Ресей) Экспортты қолдау орталығының маманы

Бүгінгі таңда көрменің екі күндік жұмысына біздің компаниямыз өте қуанышты. Әлеуетті мақсатты клиенттердің ағыны өте үлкен, тіпті бірінші күні біздің ұжымдық стендіміздің әрбір компаниясы бұдан әрі әріптес болу үшін кемінде екі жаңа жаңа байланысқа ие болды. Стендте ұсынылған Удмуртияның бес өндіруші-компаниясы Қазақстан нарығына өнімді экспорттауға дайын екенін білдіріп және көрмеде «өз клиентін» табуды жоспарлап отыр. Пандемия кезінде әрбір компания қандай да бір құлдырауды бастан өткізгені сөзсіз, бірақ бұл KazBuild 2021 көрмесіне қатысу шешімін қабылдауға әсер еткен жоқ. Көрмеде аралас сала және өзіміздің бәсекелестеріміз сияқты өте көп компаниялар бар, бұл өзара тәжірибе алмасуға тек қана оң әсерін тигізеді. Санитарлық-эпидемиологиялық нормалар кіре берісте де және павильонның ішінде де толық сақталғанын атап өткім келеді. Келесі жылы KazBuild 2021 көрмесіне қатысуды жоспарлап отырмыз, бірақ нақты шешім жасалған экспорттық келісімшарттардың санына байланысты болады.

Ли Александр, «Adrian Group» Қазақстандағы өкілдіктің директоры,Словакияның ұлттық стендіне қатысушы

Көрмеге қатысу үміті тек қана ақталып қоймай, тіпті күткен нәтижеден де асып түсті. Біз пандеминың салдарынан екі жыл қатарынан экспо-оқиғаларға қатысқан жоқпыз, келушілер аз болады ма деп қатты қынжылдық, бірақ аудиторияның саны мен сапасы тек қана қуантты. Үш күн бойы көрмеде біз ынтымақтастық перспективасымен көптеген нәтижелі кездесулер өткіздік, көптеген клиенттер тіпті көрмеде бізбен келісмшартқа қол қоюды шешті. Біздің профиліміз - бұл жобалық ұйымдар және инженирингтік компаниялар, келушілердің шамамен 50% біздің аудитория. Словакия және Қазақстан бұрыннан халықаралық қатынастарды пысықтап келеді, ал Қазақстан Словакия үшін өте перспективті және дамушы нарық болып табылады. Словакия компанияларына өте маңызды және күшті әлемдік Әрептес қажет. KazBuild 2021 көрмесі жұмысының реттілігін және ұйымдастыру деңгейін атап өткім келеді.