KAZBUILD 2025 КӨРМЕСІНДЕ ПРАГАДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ СЫНАҚ ҚҰРЫЛЫС ИНСТИТУТЫ: ЕУРООДАҚҚА ЭКСПОРТТЫ ҚОЛДАУ МАҚСАТЫНДАҒЫ СЕРТИФИКАТТАУ
2025 ЖЫЛҒЫ 3–5 ҚЫРКҮЙЕК КҮНДЕРІ АЛМАТЫДА ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ЕҢ АУҚЫМДЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ИНТЕРЬЕР КӨРМЕСІ — KAZBUILD 2025 ӨТЕДІ.
Бұл саладағы жетекші өндірушілерді, дистрибьюторларды, жобалаушылар мен мамандарды жыл сайын бір алаңда тоғыстыратын маңызды іс-шара. Көрме іскерлік байланыстар орнатуға, тәжірибе алмасуға және жаңа нарықтарға шығуға мүмкіндік беретін тиімді платформаға айналған. Биылғы көрмеде Чехияның мемлекеттік кәсіпорны — Прага қаласындағы Техникалық және сынақ құрылыс институты (The Technical and Test Institute for Construction Prague) қатысады.
Аталған институт — құрылыс өнімдерінің Еуропалық Одақ талаптарына сәйкестігін бағалауда жетекші рөл атқаратын беделді мекеме. Ол сынақтан өткізу және сертификаттау саласында кешенді қызметтер көрсететін сенімді әрі халықаралық деңгейде мойындалған ұйым болып табылады. Сонымен қатар, Еуроодақтың техникалық регламенттері мен стандарттарын әзірлеуге белсенді атсалысады. Институт құрылыс саласындағы өндірушілермен, экспорттаушылармен, жобалаушылармен және ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бірлесе жұмыс істей отырып, ЕО нарығына шығуға қажетті кәсіби шешімдерді ұсынады.
Институттың көрмеге қатысуы Еуропалық стандарттарға сай болуды көздейтін және ЕО нарығына шығуға ұмтылатын экспорттаушылармен серіктестік байланыстар орнатуға бағытталған. Көрме келушілері еуростандарттар бойынша сертификаттау үдерісі туралы толық мәлімет алып, оның барлық кезеңдерінен қалай тиімді әрі қауіпсіз өтуге болатынын біле алады.
Көрменің іскерлік бағдарламасы аясында институт өкілдері «Құрылыс материалдарын Еуроодақта сертификаттау мәселелері» тақырыбында арнайы презентация өткізеді. Іс-шара 9-павильонда, №2 конференц-залда өтеді. Бұл құрылыс саласының мамандары үшін сарапшылармен тікелей байланыс орнатып, кеңес алу және ықтимал серіктестік мүмкіндіктерін талқылау үшін тамаша мүмкіндік болмақ.
KazBuild 2025 көрмесіне қатысу — институт үшін халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың және құрылыс саласындағы сапа стандарттарын ілгерілетудің маңызды қадамы.
Көрмені ұйымдастырушылар — қазақстандық Iteca көрме компаниясы мен оның халықаралық серіктесі — ICA Events компаниялар тобы.