Эко-Краски компаниясынан лактық-сырлық, желімдік, герметикалық өнімдер
Эко-Краски компаниясынан лактық-сырлық, желімдік, герметикалық өнімдер
Дизайн КТ өз қызметін 1992 жылы, Мәскеудегі ашылған бір дүкен және үш қызметкермен кішігірім компания ретінде бастаған. Биыл компания Мәскеудегі ашық құрылыс нарығына кеңеюді, сонымен қатар бірінші жергілікті дилерлік желісін құруды бастады. Сатулардың өсімі компанияға 1993 жылы Мәскеуде қойма-кеңсесін сатып алуға мүмкіндік берген. 1994 жылы құрылыс нарығының белсенді дамуына және ресейлік сатып алушылардың экологиялық таза бояуларға деген сұранысына жауап ретінде Alcro-Beckers AB (Швеция) компаниясымен көп жылдық серіктестігін бастады. Осы сәттен бастап Дизайн КТ Ресейдің барық аймақтарында ұлттық дистрибьютерлік желісін қалыптастыруды бастады. 1998 жылы ТМД елдерінде Beckers маркасының дистрибьютерлігінің эксклюзивті құқығын алған соң, барлық сату орындарымызды орталықтандырылған басқару мен қатал басқару құрылымымен бірегей жүйеде – «Дизайн» Компаниялар тобында бірлестірдік. Осылайша лактық-сырлық бағыт компания қызметінің негізгі түріне айналды.
KazBuild 2020 көрмесінде ұсынылатын брендтер:
STÖLZ, DYRUP, BISON, PRIMALEX
Компания лактық сырлық өнімдермен 30 жыл бойы айналысып келеді, бұл сегменттегі әлемдік көшбасшылардың Ресей және ТМД аймақтарындағы эксклюзивті дистрибьютері. Жоғары сапалы акрилді сулы эмульсиялы сыры, дұрыс қолданылған жағдайда 10 жылдық гарантиясымен.
Қазір компанияның өнімдерін Калининградтан Сахалинге дейін елдің барлық аймақтарынан табуға болады. «Дизайн» КТ DIY Leroy Merlin, Castorama және Metro Cash&carry сынды Ресейдің халықаралық және аймақтық желілерімен ынтымақтастығын жалғастырып келеді. Корпоративті клиенттері арасында «Газпром», АҚШ Елшілігі, Кремлдің Әкімшілік ғимараттары, Сбербанк, Korston, Mariott and Hyatt қонақ үйлері, «Мегафон», ИКЕА және басқалары бар.
- -де жасалған