31-ШI ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ИНТЕРЬЕР КӨРМЕСІ
31-ШI ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ИНТЕРЬЕР КӨРМЕСІ

ЖОЛ, АЗАМАТТЫҚ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚҰРЫЛЫСҚА АРНАЛҒАН МЕТАЛЛ ҚАЛЫПТАР, ТББ АРНАЛҒАН ЖАБДЫҚ, ҚАЛА ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ИНЖЕНЕРЛІК ЖҮЙЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН МЕТАЛЛ ҚАЛЫПТАР

«М-КОНСТРУКТОР» ЗАУЫТЫ – ТББ ЗАУЫТТАРЫНА АРНАЛҒАН МЕТАЛЛ ҚАЛЫПТАРДЫ ЖӘНЕ ЖАБДЫҚТЫ ӨНДІРУШІ (РЕСЕЙ)

Logo m konstruktor

1995 ж. құрылған, 2013 ж. бастап ЕО және ТМД 16 елінде белгілі «М-Конструктор» сауда белгісімен өнім шығара бастады. Ресейдегі жеткізу географиясы Батыстан Шығысқа дейінгі барлық дерлік аумақты қамтиды. Тапсырыс берушілердің пікірінше, металл қалыптар сапасы еуропалық өнімдерден кем түспейді, ал зауыттың техникалық жарақталуы көп жағдайда тіпті белгілі әлемдік брендтерден асып түседі. Кәсіби құзыреттер «қарапайымнан күрделіге қарай» қағидаты бойынша дамып жатыр және бүгінде қолданыстың алуан түрлі саласында шешімдер ұсынуға мүмкіндік береді:

Жол құрылысына арналған металл қалыптар

Автомагистральдарды, тасжолдарды, ұшу-қону жабындарын, өнеркәсіптік алаңдарды, уақытша және тұрақты кірме жолдарды, атап айтқанда: трамвай тақталарына, жол қоршауларына және құламаларға, тротуар элементтеріне, жиектастарға және т.б. арналған металл қалыптарды жайластыру бойынша жұмыстар орындау кезінде сұранысқа ие.

m konstruktor 1m konstruktor 2

 

 

 

 

 

 

 

Азаматтық және өнеркәсіптік құрылысқа арналған металл қалыптар

Тұрғын көп қабатты ғимараттарды, коттедждерді, аз қабатты және басқа имараттарды салу кезінде кеңінен қолданылады: баспалдақ марштарына, алаңқайларына және сатыларына, тетраподтар қалыптарына, ЭТЖ тіректеріне, қадаларға, ПК аражабындардың бос тақталарына арналған металл қалыптар, сондай-ақ мойнақтарға, желдету блоктарына және т.б. арналған қалыптар.

m konstruktor 3m konstruktor 4

 

 

 

 

 

 

 

Қала инфрақұрылымының инженерлік жүйелеріне арналған металл қалыптар

Қаладағы құрылыс жағдайында – бетон және темір бетон шешімдер сұранысқа ие, сондықтан зауыт қала инфрақұрылымының инженерлік жүйелерін техникалық қамтамасыз ету үшін қолданылатын ТББ арналған қалыптар шығаруды меңгеріп алды – ККС және ВС құдықтарына арналған түрлі конфигурациядағы металл қалыптар, КС және басқа сақиналар қалыптары – сондай-ақ микротоннельдеу құбырларын өндіруге арналған қондырғылар қалыптары.

m konstruktor 5m konstruktor 6

 

 

 

 

 

 

 

ТББ арналған жабдық

Компания біліктілігі белгіленген техникалық нормалар талаптарына сәйкес келетін ТББ бұйымдар жасап шығару үшін, өзі өндірген жабдық шығаруға мүмкіндік береді. Бұл қабырға панельдерін жасауға арналған қалыптан алу машиналары, әмбебап бұрылатын дірілүстелдері, әмбебап қалып стендтері, ПК тақтайлар өндірісі желісі, лифт шахталарын қалыптауға арналған қондырғылар, дірілүстелдері және дірілтумбалары, магнитті борттар.

m konstruktor 7m konstruktor 8m konstruktor 9

 

«М-Конструктор» – отбасылық компания, сондықтан барлық өндірістік мәселелер асқан мұқияттылықпен пысықталады. Мұндай саясаттың басты нәтижесі – дәл әрі уақытында жасау туралы мойнымызға алған міндеттемелерді толық сақтай отырып, металл қалыптардың жоғары сапасын қамтамасыз ету.

Өнімдердің толық тізімімен компанияның ресми сайтында танысуға болады, сондай-ақ ең өзекті ақпаратты алу үшін Youtube және Telegram парақшаларға жазылыңыз.

Сайт: https://m-konstruktor.ru

Youtube: https://www.youtube.com/channel/UCo-yiMinD1Zl0JtnB2xRIpw/featured

Telegram: https://t.me/M_Konstruktor

 

 

  • -де жасалған