ШАТЫР ЖӘНЕ ҚАБЫРҒА СЭНДВИЧ-ПАНЕЛЬДЕРІ
«ПолимерМеталл-Т» ЖШС – құрылыс материалдарын, атап айтқанда, шатыр және қабырға сэндвич-панельдерін өндіретін Қазақстандағы жетекші кәсіпорын. Сонымен қатар, зауыт С-8, С-14 және НС-34 маркалы профнастилдер өндірісін кеңейтті. Сондай-ақ, «SPRINTER» типті металл черепица, ПП60*27 төбе профилі, сэндвич-панельдер мен шатыр құрылысына арналған қосымша элементтер (қар ұстағыштар, су ағызу жүйелері және т.б.) шығарылады. Кәсіпорында өнім шығаруды Қазақстан Республикасында қабылданған құрылыс нормалары мен ережелері және МЕМСТ талаптарына сай реттейтін техникалық шарттар әзірленіп, бекітілген.
Шатыр және қабырға сэндвич-панельдері базальт текті минералды мақта оқшаулауымен шығарылады. Панельдердің қалыңдығы 50-ден 200 мм-ге дейін, жұмыс ені 1000 мм, ұзындығы 2,0-ден 12,0 метрге дейін. «ПолимерМеталл-Т» ЖШС-нің сэндвич-панельдері өнім сапасы, өрт қауіпсіздігі және отқа төзімділік талаптарына толықтай сәйкестігін растайтын сертификаттардан өткен.
Компания өнімдерімен толық танысу үшін ресми сайтқа кіріңіз: www.pm-t.kz сондай-ақ, Instagram парақшасына жазылып @polimermetallt, компанияның жаңа өнімдері мен акциялары туралы ең өзекті жаңалықтарды бірінші болып біліңіз!
- -де жасалған