МОДУЛЬДІ ЖАБДЫҚТАР, ЭЛЕКТРОҚҰРАЛДАР, ҚАЛҚАН ЖАБДЫҚТАРЫ, ЖАРЫҚ, ҚҰБЫРЛАР, ЛОТКІЛЕР
IEK GROUP – құрылыс, өнеркәсіп және энергетика салаларындағы жобаларға арналған шешімдерді ұсынатын өндіруші. Компанияның ассортиментінде 30 мыңнан астам өнім бар – электротехника мен жарықтандыру техникасынан бастап автоматтандыруды, бағдарламалық қамтамасыз етуді және телекоммуникациялық жабдықтарды қамтитын кешенді шешімдерге дейін.
Компания портфеліне кіретін брендтер:
- IEK электротехникасы – соның ішінде флагмандық ARMAT, TITAN, KREPTA, BRITE желілері;
- IEK, LEDEL және FEREKS жарықтандыру жабдықтары;
- ITK телекоммуникациялық жабдықтары.
Нарықта 25 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келе жатқан компания сенімді әрі кәсіби серіктес ретінде танылды. Оның иелігінде 11 өндірістік алаң бар. Қазақстанда кабель төсеуге арналған пластикалық және металл жүйелерді шығаратын кешен жұмысын бастады.
FORTE&PIANO — жақтаусыз розеткалар мен қосқыштардың топтамасы.
SKANDY — бөлмедегі табиғи жарықты басқарудың жеңіл тәсілі болып табылатын перде қосқыштары сериясы.
Brite қосқыштары — заманауи интерьерлерге арналған жарықты басқарудың ыңғайлы функционалды шешімі.
LEDEL — кең ауқымды қолдануға арналған жарықдиодты шамдар мен интеллектуалды жарық басқару жүйелерін шығарады.
FEREKS — жарықдиодты шамдар. Компания барлық салаға арналған заманауи, энергияны үнемдейтін және қолжетімді шешімдерді әзірлеуге, жобалауға және шығаруға маманданған.
Tekfor — түрлі салаларға арналған пластикалық шкафтар, оларға арналған аксессуарлар, контактілі қысқыштар, кабель арналары, басқару және сигнал беру құрылғылары, желдеткіштерге арналған корпустар.
ARMAT — автоматты ажыратқыштар, дифференциалдық ток ажыратқыштары және қосымша құрылғыларды қамтитын модульдік жабдық желісі.
ELASTA — төмен қысымды полиэтиленнен жасалған қос қабырғалы қатты гофрленген құбырлар. Бұл құбырлар тұрғын, қоғамдық және өндірістік ғимараттардың едені мен қабырғалары арқылы ашық немесе жасырын (стяжка ішінде) электропроводканы жүргізуге, сондай-ақ топырақта қолдануға арналған.
IEK, Generica ПВХ құбырлары — гофрленген құбырлар ғимараттар мен құрылыстар ішінде жасырын түрде күштік және әлсіз ток желілерін төсеуге арналған. Құбырлардың икемділігі кабельді ең аз еңбек шығындарымен төсеуге мүмкіндік береді және қосымша аксессуарларды іс жүзінде қажет етпейді.
Кабель арналары — әртүрлі кабель түрлерін төсеуге, электроқұралдарды орнатуға және жұмыс орнын ұйымдастыруға арналған.
Лоток — электр жүйелеріндегі кабельдер мен сымдарды ұйымдастыру мен қорғауға арналған кабель лотогі.
Өнімдер мен қызметтердің толық тізімімен мына сайттан танысуға болады: https://www.iek.ru/
- -де жасалған