АЛЮМИНИЙ ЖҮЙЕЛЕРІ, ТЕРЕЗЕЛЕР, ЕСІКТЕР, ҚАСБЕТТЕР
"Aluminium of Kazakhstan" зауыты – "Hoffmann aluminium" және «aluform» сауда белгілерімен алюминий профильдерін экструзиялау бойынша маманданған Қазақстан Республикасындағы жетекші кәсіпорын.
Компания қызметінің негізгі бағыты – құрылысқа арналған алюминий жүйелерін жобалау, өндіру, жинақтау және сату. Құрылған сәттен бастап біз қарқынды дамып келе жатқан компания болып келеміз. Инновациялық конструкторлық шешімдердің, жоғары технологиялық өндірістік мүмкіндіктердің және сертификатталған менеджмент жүйесінің арқасында «Hoffmann aluminium» және «aluform» сауда белгілерімен заманауи құрылысқа арналған алюминий жүйелері пайда болып, өнім ассортиментін қалыптастырады. Біздің жүйелер халықаралық сапа стандарттарына сай келіп, тек Қазақстан нарығында ғана емес, шетелде де лайықты бәсекелестік танытуда.
"Aluminium of Kazakhstan" зауыты 2013 жылы ҚР-ның 2015–2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылған алғашқы кәсіпорын ретінде негізі қаланды. Қазіргі уақытта бұл зауыт Қазақстан аумағындағы алюминий профильдерін қалдықсыз технологияларды қолдана отырып, толық циклді өндіріс жағдайында шығаратын жалғыз кәсіпорынға айналды.
МИССИЯ
Біз жетістікке инвестициялық және өндірістік қуаттарымыздың арқасында жетіп отырмыз. Біз өзіміздің жоғары сапалы, экологиялық таза, энергия үнемдейтін және функционалды өнімдеріміз арқылы адамдардың өміріне жылу, жайлылық және эстетика қосамыз. Біз жұмыс істейтін салаларда өзіміздің іскерлік тәсілімізбен ерекшеленеміз.
Көрмеде ұсынылатын өнімдердің сипаттамасы:
- Сапсан / S6 – 1 дана, Сапсан / S6 СП 34 мм (Мөлдір)
- Сапсан / S7 – 1 дана, Сапсан / S7 СП 42 мм (Мөлдір)
- Сапсан / WD40 LT – 1 дана, Сапсан / WD40 LT Шыны 6 мм шынықтырылған (Мөлдір)
- aluform / WD74 – 1 дана, aluform / WD74 СП 54 мм (Мөлдір)
- aluform / WD74 – 1 дана, aluform / WD74 СП 54 мм (Мөлдір)
- aluform / WD74 – 1 дана, aluform / WD74 СП 54 мм (Мөлдір)
- aluform / F50 СП 62 мм – 1 дана (Мөлдір)
Өнімдер мен қызметтердің толық тізімімен төмендегі сілтемелер арқылы танысуға болады:
https://www.instagram.com/hoffmann_kz/
https://www.instagram.com/aluform.kz/
- -де жасалған