32-ШI ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ИНТЕРЬЕР КӨРМЕСІ

ТЕРЕЗЕ ЖАҚТАУЛАРЫ МЕН ТЕРЕЗЕ АЛДЫ ТАҚТАЙЛАРЫН ЛАМИНАЦИЯЛАУҒА АРНАЛҒАН ПВХ ҮЛДІР

КСС logo

KCC GLASS ӨКІЛДІГІ (КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫ) НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА ТЕРЕЗЕ ПРОФИЛЬДЕРІ МЕН ТЕРЕЗЕ АЛДЫ ТАҚТАЙЛАРЫН ЛАМИНАЦИЯЛАУҒА АРНАЛҒАН ЭКСТЕРЬЕРЛІК ПВХ ҮЛДІРЛЕРІН ҰСЫНАДЫ.

КСС 2

ӨНІМ ТУРАЛЫ

KCC GLASS үлдірлі жабындары 4 қабаттан тұрады, олардың бірі қалыңдығы 73 микрон PMMA акрил қабаты болып табылады. Дәл осы себепті KCC GLASS үлдірлері күшті инсоляция, жоғары температура және басқа да климаттық жүктеме жағдайында түсі мен фактурасын сақтайды. RAL-GZ 716 стандарты бойынша KCC GLASS үлдірлері 62°С және 66°С температураларда сынақтан өтіп, HBU 2 немесе 3 класын алды. Күн және ультракүлгін сәулелерге төзімділігі M20 және M30 деңгейлеріне сәйкес келеді. Осындай сипаттама арқасында жабын 30 жылдан астам қызмет етеді, ал терезелер бастапқы сыртқы көрінісін сақтайды. Барлық үлдірлі жабын қалыңдығы 0,20 мм және жайма ені 660.

Біз Оңтүстік Кореядан әкелінген, терезе профильдері мен терезе алды тақтайларын ламинациялау үшін қолданылатын сертификатталған, сапалы, экстерьерлік ПВХ үлдірін ұсынамыз. Жұмыс істеп келе жатқанымызға бір жылдан аз уақыт болса да, ел ішінде ғана емес, одан тыс жерлерде де тұрақты ірі компаниялармен жасалған шарттарымыз бар. Осы сәтке дейін бір де бір шағым түспегені өніміміз сапасының айқын дәлелі.

ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМА

КСС 1

Материал: қалыңдығы 0,18 микрон ПВХ үлдірінен жасалған. Бұл үлдір терезе профилін ультракүлгін сәулелердің әсерінен қорғау және профильге сәндік түс беру үшін терезе профилін ламинациялауда қолданылады.

Қолдану саласы: терезе жақтаулары мен терезе алды тақтайларын сәндік қаптау.

Бұйым атқаратын функциялар: терезе жақтаулары мен терезе алды тақтайларын сыртынан қаптауға арналған.

Өндіруші: Оңтүстік Корея, SIMDECOR сауда маркасы.

 

 

 

  • -де жасалған