32-ШI ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ИНТЕРЬЕР КӨРМЕСІ

РОЗЕТКАЛАР, ҚОСҚЫШТАР, ДИММЕРЛЕР, ТЕРМОСТАТТАР, МОБИЛЬДІ ҚҰРЫЛҒЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚУАТТАУ БЕКЕТТЕРІ, «АҚЫЛДЫ ҮЙ» ЖҮЙЕЛЕРІ, KNX

LOGO MG 1912 black spacerLOGO JUNG black spacer

 

 

 

 

Компания 1912 жылы Германияның Шальксмюлле қаласында құрылған. Қазіргі таңда компанияда 1400-ден астам қызметкер жұмыс істейді және әлемнің 70 елінде өкілдіктері бар. 2011 жылы электр монтаждық құрылғылар мен жүйелерді өндіруші ретінде компания «Made in Germany» («Германияда жасалған») сертификатталған шығу тегі белгісіне ие болды. JUNG компаниясы – Les Couleurs® Le Corbusier түстер палитрасындағы қосқыштар, розеткалар және ғимараттарды автоматтандыру жүйелерінің әлемдегі эксклюзивті жеткізушісі. Өнімдерді өндіру және лакпен қаптау Германиядағы тәжірибелі мамандардың тапсырысы бойынша жүзеге асырылады. Лак қосқыштарға жағу үшін арнайы әзірленген. Бір ғасырдан астам тарихы бар неміс компаниясының өнімдеріне розеткалар, қосқыштар, диммерлер, термостаттар, мобильді құрылғыларға арналған қуаттау бекеттері, «ақылды үй» жүйелері, KNX және әртүрлі түстер мен дизайнда ұсынылған басқа да электр монтаждық құрылғылар кіреді.

1 Зарядка

Жарықты басқару үшін қосқыштар, диммерлер, қозғалыс және қатысу датчиктері қолданылады. Жалюзи мен рольставеньдерді басқару үшін механикалық немесе электрондық жүйелер пайдаланылады. Температураны басқару үшін механикалық және электрондық термостаттар мен датчиктер қолданылады.

2 JUNG Dornbracht

Дизайнерлік өнімдер барлық механикалық серияларда ұсынылған. Өнімдер термопласттан, дюропласттан, металдан (тіпті караттық алтынмен қапталған нұсқалары да бар) және шыныдан дайындалады. Бұл кез келген дизайнды және оған сәйкес келетін техникалық шешімді таңдауға мүмкіндік береді, өйткені олардың барлығы өзара үйлесімді.

3 LS Bronze

Механизмдерде толықтай күміспен қапталған байланыс элементтері пайдаланылады. Металлдың сыртқы беттерін өңдеу үшін анодтау технологиясы қолданылады. Бұл технология нәтижесінде металл бетінде жұқа оксидті қабықша түзіліп, оның беріктігін арттырады және металдың әрі қарай тотығуына жол бермейді, соның арқасында өнімнің қызмет ету мерзімі айтарлықтай ұзарады.

4 DALI 2

Қауіпсіздік, сенімділік және ұзақ мерзімділік – JUNG компаниясының кез келген өнімі үшін міндетті әрі басым сипаттамалар.

Компания өнімдерімен төмендегі сілтемелер арқылы таныса аласыз:

www.jung-group.com

https://ecoprofi.kz/

https://www.instagram.com/jung_centralasia?igsh=MW44N3Flcjh2MTB1Mg==

 

 

  • -де жасалған