32-ШI ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ИНТЕРЬЕР КӨРМЕСІ

ШАТЫРЛЫҚ ПВХ-МЕМБРАНА, ГИДРООҚШАУЛАҒЫШ ПВХ-МЕМБРАНА, ЖЫЛУ ОҚШАУЛАҒЫШ ТАҚТАЛАР, ПРОФИЛЬДІ МЕМБРАНА

Tehnonikol logo

ТЕХНОНИКОЛЬ корпорациясы – сенімді әрі тиімді құрылыс материалдары мен жүйелерінің жетекші халықаралық өндірушісі. Компания нарыққа өзінің ғылыми орталықтарының әзірлемелері мен озық әлемдік тәжірибені ұштастыратын ең жаңа технологияларды ұсынады. Сергей Колесников басқаратын ТЕХНОНИКОЛЬ өндірістік компаниясының құрамына 70-тен астам өндірістік алаң және 20 оқу орталығы кіреді. Жоғары технологиялық жабдықпен жарақтандырылған және білікті мамандар жұмыс істейтін 7 ғылыми орталықта құрылыс саласына арналған жаңа өнімдер мен шешімдер тұрақты түрде әзірленіп, енгізіледі.

КӨРМЕДЕ ҰСЫНУ ЖОСПАРЛАНҒАН БРЕНДТЕР: LOGICROOF, LOGICBASE, ECOBASE, LOGICPIR, PLANTER

1 Logicroof V RP 12 Logicroof V RP

 

 

 

 

 

 

 

LOGICROOF шатырлық ПВХ-мембранасы – кез келген шатыр жүйесіне арналған сенімді гидрооқшаулағыш жабын. Материал жоғары беріктік пен төмен температураларда сақталатын икемділікті ұштастырады. Мембрана ультракүлгін сәулелер мен механикалық зақымдарға төзімді, ал төсемдерді ыстық ауамен пісіру ашық отты қолдануды қажет етпейді, бұл монтаждау қауіпсіздігін арттырады.

1 Logicbase V SL 12 Logicbase V SL с каплями

 

 

 

 

 

 

 

LOGICBASE гидрооқшаулағыш ПВХ-мембранасы – жерасты конструкцияларын ылғалдан қорғауға арналған мамандандырылған шешім. Арматураланбаған мембрана іргетастарды, тоннельдерді және басқа да жерасты құрылыстарын гидрооқшаулау үшін қолданылады. Ол күрделі пайдалану жағдайларында икемділігін сақтайды, агрессивті химиялық орта әсеріне төзімді және кез келген күрделіліктегі жөндеуге жарамды жүйелерді жасауға мүмкіндік береді.

1 LOGICPIR PROF2 LOGICPIR PROF

 

 

 

 

 

 

 

 

LOGICPIR жылу оқшаулағыш тақталары – жылу өткізгіштік коэффициенті рекордтық деңгейде төмен полиизоцианурат көбігі (PIR) негізіндегі заманауи энергия тиімді оқшаулағыш материал. Материал жалынды таратпайды және жануды қолдамайды. Бұл қасиет өрт қауіпсіздігінің ең қатаң талаптарына сәйкес келетін конструкцияларды салуға мүмкіндік береді.

1 planter geo2 planter standart

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 planter standart4 Planter geo

 

 

 

 

 

 

 

Тығыздығы жоғары полиэтиленнен (HDPE) жасалған PLANTER қорғаныш-дренаждық профильді мембранасы – беріктік пен икемділіктің оңтайлы үйлесімі. Ол гидрооқшаулағыш қабатты механикалық зақымдардан, іргетас тақтасын капиллярлық ылғалдан қорғау, бетон дайындама қабатын алмастыру, іргетас салу кезінде көлденең және тік дренаж ұйымдастыру үшін, сондай-ақ тегіс шатыр конструкцияларында дренаждық, қорғаныш, бөлгіш және тамырға қарсы қабат ретінде қолданылады. Сонымен қатар материал ғимарат айналасындағы су өткізбейтін төсемдер мен жаяу жүргіншілер жолдарын салу үшін пайдаланылады.

Бұл материалдарды құрылыста қолдану нысандардың қызмет ету мерзімін едәуір ұзартуға, олардың энергия тиімділігін арттыруға және пайдалану шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

Материалдар мен қызметтер туралы толық ақпаратты мына сайттан алуға болады: https://technonicol.com/ru-kz/

 

 

 

  • -де жасалған