Қазақстан Халықаралық құрылыс және интерьер көрмесі
7-9 Қыркүйек 2022
Алматы, Қазақстан

KazBuild 2021 құттықтау-хаттары

Алматы қаласы

Жайлы қалалық орта

басқармасының бастығы

Нұрашев С.

құттықтау хаты

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Алматы қаласының Жайлы қалалық орта басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) KazBuild 2021 27-ші Қазақстандық халықаралық құрылыс және интерьер көрмесінің қатысушылары мен қонақтарын шараның басталуымен құттықтайды.

Өткен 26 жыл ішінде көрме құрылыс саласының өзекті мәселелерін жан-жақты талқылау үшін Орталық Азиядағы ең ірі алаң мәртебесіне ие бола білді. Көрме жыл сайын жетекші отандық және шетелдік компаниялар мен инвесторлардың, сондай-ақ аумақтық басқарма органдарының қызығушылығын тудырады. 

АӨҚО РА деректері бойынша, Қазақстан Республикасындағы құрылыс коронавирустық пандемиядан айтарлықтай теріс әсерге қарамастан, елдің белсенді дамып келе жатқан салаларының бірі болып қалуда. Құрылыс саласы  бүгінгі күні Алматыда қала құраушы бағыт болып қала береді. Жыл сайын оңтүстік астанада қала ортасының жайлылығын арттыратын және алматылықтардың өмір сүру сапасын жақсартатын жүздеген мың шаршы метр тұрғын үй салынады. Қала билігі инфрақұрылымдық жобаларды дамытуға, аумақтарды кешенді абаттандыруға, жұмыс пен өмір сүру үшін қолайлы орта құруға, денсаулық сақтау, білім беру, спорт, мәдениет объектілерін және әртүрлі мақсаттағы құрылыстарды салуға басты назар аударады.

Құрылыс индустриясындағы көрмелер құрылыс саласындағы жаңалықтарды көрсету үшін тиімді алаң ғана емес, сонымен қатар әртүрлі құрылымдар мен ұйымдар арасында одан әрі диалог құру үшін бастапқы платформа бола отырып, саладағы ағымдағы жағдайдың айқын индикаторы болып табылатынын атап өткен жөн.

Басқарма көрменің барлық қатысушылары мен қонақтарына көзделген жоспарларды табысты іске асыруды, жемісті жұмыс пен кәсіби байланыстарды нығайтуды тілейді!


Ресей Федерациясының

Қазақстан Республикасындағы

 Сауда өкілі

Бабко А. В.

құттықтау хаты

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Жеке өз атымнан және Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының Сауда өкілдігі атынан KazBuild 2021 27-ші Қазақстандық халықаралық құрылыс және интерьер көрмесінің және жылытуға, сумен жабдықтауға, сантехникаға, кондиционерлеуге, желдетуге арналған тұрмыстық және өнеркәсіптік жабдықтардың Aquatherm Almaty 2021 13-ші халықаралық көрмесінің қатысушыларын, қонақтарын және ұйымдастырушыларын көргеніме өте қуаныштымын!

Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы атап өтіледі. Осы жылдар ішінде біздің елдеріміз бір-бірі үшін маңызды стратегиялық әріптестерге айналды және сенімді, тату көршілік қарым-қатынастарды құра алды. Бұған дәлел - коронавирустың біздің елдеріміздің экономикалық жағдайына ұзақ әсер етуінен туындаған қиындықтарға қарамастан, ынтымақтастыққа мүдделі көптеген ресейлік компаниялардың көрмелерге қатысуы.

Құрылыс индустриясының көрмелері маңызды оқиғалар болып табылады, өйткені олар саладағы ағымдағы жағдайдың индикаторы саналады. Қазіргі қалыптасқан жағдайларда  бизнес үшін одан әрі ынтымақтастықтың негізгі басым бағыттарының бірі құрылыс саласын цифрландыру болмақ, ол кез келген индустрияның сапалы өзгерістері үшін елеулі ынталандыру болып табылады.

Көрмелер тағы да ең тиімді шешімдерді шоғырландыратын, инновациялық әзірлемелерді қолданатын және жаңа өнімдерді көрсететін орынға, сондай-ақ құрылыс саласы бизнес-қоғамдастығының ағымдағы мәселелерін шешетін алаңға айналатынына сенімдімін.

Барлық көрме қатысушылары мен қонақтарына алға қойған мақсаттардың табысты жүзеге асуын, жемісті жұмыс, кәсіби және серіктестік байланыстарды нығайтуды шын жүректен тілеймін!



 «Атакент» КІЫО»  АҚ  

Директорлар кеңесінің төрағасы

Абдуллаев Т. К.

құттықтау хаты

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

«Атакент» КІЫО атынан және жеке өз атымнан KazBuild 2021 27-ші Қазақстандық халықаралық құрылыс және интерьер көрмесінің қатысушылары мен қонақтарын шараның бастау алуымен құттықтаймын!

Жаңа қалыптасқан жағдайларда Қазақстандағы құрылыс саласы бұрынғысынша жоғары белсенділік пен жақсы өсу қарқынын көрсетіп отыр. Пандемияға дейін құрылыс қарқынын қалпына келтіру, жаңа технологияларды қолдану және шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасу ұзақ мерзімді перспективада бүкіл құрылыс саласына пайдалы әсер етеді.

Көрме іс-шаралары мен оларға ілесе жүретін іскерлік бағдарлама 27 жыл бойы бір алаңда жетекші халықаралық және отандық құрылыс компанияларын, дизайн, сәулет, жобалау саласындағы нағыз кәсіпқойларды, құрылыс пен интерьердегі үздік инновациялық әзірлемелерді ұсынатын бейінді одақтар мен салалық қауымдастықтардың өкілдерін жинайды. Өткізудегі қысқа үзіліске қарамастан, KazBuild дәстүрлі түрде құрылыс саласын қолдау және одан әрі дамытуда, қазақстандық және шетелдік құрылыс компанияларының өзара жемісті ынтымақтастық орнатуында және сала алдында тұрған стратегиялық міндеттерді одан әрі шешу үшін тиімді жұмыс құралына айналады деп ойлаймын.

Біздер бір жылдан кейін павильондарымыз көрме, жемісті бизнес-қарым-қатынас және сындарлы диалог атмосферасына тағы да толатынына өте қуаныштымыз! Мен көрменің барлық қатысушылары мен қонақтарына табысты және жемісті жұмыс, белгіленген жоспарлар мен қызықты кездесулерді іске асыруды тілеймін!


«Қазақстанның Құрылысшылар Одағы» 

Төралқасының Төрағасы

Т. Ерғалиевтың

құттықтау хаты

Құрметті әріптестер!

Өз қатарларында жалпы саны 220 мыңнан астам қызметкерлері бар, 1200 астам компанияны біріктіретін «Қазақстанның құрылысшылар Одағы»  KazBuild 2021 халықаралық құрылыс және интерьер көрмесінің барлық қатысушылары мен қонақтарын шараның басталуымен құттықтайды. COVID-19 пандемиясынан туындаған барлық кедергілерге қарамастан, құрылыс көрмелерінің көпжылдық дәстүрін жалғастырып отырған көрме ұйымдастырушыларына ерекше алғыс білдіреміз.

Барлықтарыңыздың  арқаларыңызда  біз дамуды жалғастырып, жаңа құрылыс материалдары мен технологияларын енгізудеміз, табиғатқа деген қарым-қатынасты өзгертіп, «жасыл» құрылысты қолданып, болашаққа сеніммен қараймыз.

Құрылыс индустриясы әлемнің кез-келген еліндегі өмірдің қиын кезеңдерінде әрқашан экономиканы сақтап келді! Жасампаз құрылысшының ерекше және игілікті жұмысы адамдарға баспана сыйлайды, өнеркәсіптік кәсіпорындар, жаңа қалалар құрады және шөлді жерді гүлденген оазиске айналдырады. Өткізілген көрмелердің арқасында құрылыс нарығындағы жұмыс сапасы айтарлықтай өсті. Тәуелсіздік жарияланғаннан бері жүздеген шетелдік компаниялар осында филиалдарын ашып, дистрибьюторлар мен серіктестер тапты. KazBuild көрме алаңдарында ақпаратпен және жаңа технологиялармен өзара алмасу ұзақ жылдар ішінде жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының деңгейін жоғары деңгейге шығарды. Бірақ кемелділікке шек жоқ, біз құрылыс саласындағы ғылым мен техника жетістіктерін одан әрі игеруге дайынбыз.

Көрменің барлық қатысушыларына жемісті жұмыс және ірі келісімшарттар жасасуды тілеймін!

Дәл осы жерде басталған ынтымақтастық ұзақ жылдарға созылып, өзара пайда әкелсін!


Құрметті  KazBuild 2021 көрмесінің қатысушылары мен қонақтары!

KazBuild 2021 «Құрылыс және Интерьерлер» 27-ші  халықаралық көрмесінің ұйымдастырушысы «Iteca»  ЖШС компаниясына эпидемиологиялық жағдайға байланысты барлық қиындықтарға қарамастан, осындай танымал және маңызды оқиғада жеке кездесуге мүмкіндік берген барлық керемет күш-жігері мен кәсіби дайындық жұмысы үшін шынайы алғысымды және ризашылығымды білдіруге рұқсат етіңіздер.

Тікелей қарым-қатынас  - бұл бизнестегі кез-келген сәттіліктің қажетті шарты және ешқандай виртуалды әлем оны ешқашан алмастыра алмайды. Сондықтан, Словакиялық  Инвестиция және сауданы дамыту агенттігі Алматыға келіп, KazBuild 2021 көрмесіне ұлттық стендпен қатысатын словакиялық компаниялардан  делегация ұйымдастырды. Мұның себебі өте қарапайым: біз серіктестерімізге Словакияда өндірілген өнімдерді көрсетіп, олармен ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылап, ұзақ мерзімді өзара тиімді байланыстар орнатқымыз келеді.

Словакия Қазақстанды көптеген салаларда ынтымақтасу үшін зор әлеуеті бар Орталық Азия өңіріндегі негізгі әріптесі ретінде қарастырады. Құрылыс және интерьер индустриясы, сөзсіз, солардың бірі, өйткені біз бәріміз заманауи және ыңғайлы жерлерде өмір сүріп, жұмыс істегіміз келеді. Мен KazBuild 2021 «Құрылыс және Интерьерлер»  27-ші халықаралық көрмесі әлемнің көптеген елдерінің сарапшылары өздерінің құрылыс өнеркәсібінде пайдаланылатын соңғы жетістіктерін, материалдары мен технологияларын көрсете алатын орын болып табылатынына сенімдімін.

KazBuild 2021 көрмесінің барлық ұйымдастырушыларына, қатысушылары мен қонақтарына зор денсаулық және жемісті жаңа байланыстар мен келісімшарттар тілеймін.

Милан Коллар

Словакия  Республикасының Қазақстан Республикасындағы

Төтенше және Уәкілетті Елшісі


Құрметті ханымдар мен мырзалар,

GiMA компаниясының атынан KazBuild 2021 құрылыс және интерьер бойынша 27-ші халықаралық көрмесінің барлық қатысушылары мен келушілерін шараның басталуымен шынайы құттықтағым  келеді.

Германия Федеративтік Республикасы KazBuild көрмесінде 2005 жылдан бастап жыл сайын неміс компанияларының бірыңғай стендімен ұсынылады. WSM бастамасы бойынша, болат пен металды өңдеудің өнеркәсіптік Бірлестігі және MWI, Федералды экономика және энергетика министрлігі және UMA, неміс экономикасының көрмелер мен жәрмеңкелер Комитетінің қолдауымен биыл федералды үкімет тағы да көрмеге қатысады.

Біз осы іс-шараның табысты өтуіне елеулі үлес қосып отырған неміс экспоненттерінің адалдығына ерекше қуаныштымыз және олардың өндіріс технологиялары, өнімдері және, ең алдымен, жаңа идеялары KazBuild көрмесінің келушілеріне ұмытылмас әсер қалдырады деп үміттенеміз.

KazBuild 2021 көрмесінің барлық қатысушылары мен келушілеріне табысты көрме күндерін және қызықты байланыстар орнатуды тілейміз, бізге сенім білдіргендеріңіз үшін алғыс айтамыз және одан әрі жемісті ынтымақтастыққа сенім білдіреміз!

Сіздердің GiMA

Матиас Лаук

Басқарушы директор


 Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Басты халықаралық құрылыс және интерьер көрмесі – «KazBuild 2021» барлық қатысушылары мен қонақтарын шараның басталуымен құттықтаймын. Бұл Қазақстанның құрылыс саласындағы ең ірі және ең ауқымды оқиға.

Әлемдегі күрделі ахуалға қарамастан, біз құрылыс саласындағы жоғары белсенділікті және жаңа технологиялармен, инновациялық материалдармен, серпінді бағдарламалық өнімдермен және аталмыш  қызметке барлық қатысушылардың белсенді өзара іс-қимылымен байланысты мүмкіндіктердің кеңеюін байқап отырмыз.

«KazBuild 2021» көрмесі Қазақстан, ТМД және алыс шетел компанияларының және өндірушілердің жаңа әзірлемелерін көрсетудің және ұсынудың орталық орны болып табылады. Осы көрменің стендтеріне бару, сәулет, құрылыс және дизайн саласындағы өзекті мәселелер туралы көптеген семинарлар мен пікірталастарға қатысу соңғы тенденциялардан хабардар болғысы келетіндерге пайдалы болады.

BIM технологияларын енгізу, жобаларды Басқарудың заманауи тәсілдері, Жасыл құрылыс - осының барлығы Қазақстан Республикасының құрылыс индустриясының ажырамас бөлігі болып табылады. «KazBuild 2021» көрмесі аясында осы мәселелерді талқылау мамандар мен кәсіпқойлардың  деңгейін арттыруға ықпал етеді.

Көрменің барлық қатысушылары мен қонақтарына тиімді жұмыс, жаңа ашылулар және пайдалы байланыстар орнатуды тілеймін!

Татыгулов А. А.

ҚР Сәулетшілер одағы президентінің уақытша м. а.

KAZGOR ЖА Президенті