30-ШЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ИНТЕРЬЕР КӨРМЕСІ
30-ШЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ИНТЕРЬЕР КӨРМЕСІ

СУҒА ТӨЗІМДІЛІГІ ЖОҒАРЫ ҮЛКЕН ФОРМАТТЫ ФАНЕРА ӨНДІРІСІ

ФОБ-F/F МАРКАЛАРЫ, 1 СОРТТЫ, ЭМИССИЯ КЛАССЫ: Е1, 1220*2440*18 ЖӘНЕ 1220*2440*21 ПАРАМЕТРЛЕРІ БАР ЕКІ ТҮРЛІ ЛАМИНАТТАЛҒАН ФАНЕРА

SFK logo1

Солтүстік фанер комбинаты компаниясы - суға төзімділігі жоғары үлкен форматты фанера шығаратын заманауи кәсіпорын. Кәсіпорын жоғары сапалы фанера өндірісіне тікелей әсер ететін жоғары дәлдіктегі заманауи жабдықтармен жабдықталған. Шикізат ретінде Ресей мен Қазақстаннан 100% қайың шпоны пайдаланылады, ол ламинатталған фанера өндірісі үшін ең үздік шикізат болып табылады.

SFK1

Кәсіпорын 2020 жылдың соңында іске қосылды осыған қарамастан, бүгінгі таңда компания 140,000-нан астам фанер парағын шығарды, комбинаттың инфрақұрылымын жақсартты, 12,000 м2-ден астам өндірістік алаңы бар, сондай-ақ ел астанасы Нұр-Сұлтанда теміржол тұйығы бар қойма ашты.

SFK3SFK2

 

 

 

 

 

 

Өнімдер құрылыс, монолитті үй құрылысы, көліктік машина жасау, орау, жиһаз өндірісі, кеме жасау, вагон жасау, интерьер және сыртқы безендіру сияқты салаларда қолданылады.

  • Ламинатталған Фанера Маркасы ФОБ-F/F, 1 СОРТ. 1220*2440*18
  • Ламинатталған Фанера Маркасы ФОБ-F/F, 1 СОРТ. 1220*2440*21

Біздің басты қағидатымыз – өнім сапасы бәрінен жоғары. Біз үшін клиенттермен және серіктестермен ұзақ мерзімді қарым-қатынас маңызды. Біздің миссиямыз - білім мен тәжірибені дамыту, жинақтау.

Өнімнің толық тізімімен компанияның ресми сайтында танысуға болады northwood.ru