30-ШЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ИНТЕРЬЕР КӨРМЕСІ
30-ШЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ИНТЕРЬЕР КӨРМЕСІ

ИНТЕРЬЕР ДИЗАЙНЫНЫҢ ПЛАТФОРМАСЫ

ИНТЕРЬЕР ДИЗАЙНЫ ҚЫЗМЕТТЕРІНЕ ТАПСЫРЫС БЕРУГЕ АРНАЛҒАН ТЕГІН ОНЛАЙН-СЕРВИС

Istok Home

ISTOK HOME - интерьер дизайны қызметтеріне тапсырыс беруге арналған тегін онлайн-сервис. Біз әдемі және ыңғайлы үйде өмір сүргісі келетін клиенттерге және таңдалған стиль мен клиенттік бюджет негізінде интерьер жасай алатын мамандарға кездесуге көмектесеміз. Ол үшін клиенттер сайтта қарапайым сауалнаманы толтырады, онда өз тілектері, бюджеті және мерзімдері туралы әңгімелейді. Біз жобаға кірісуге дайын лайықты мамандарды таңдаймыз, одан кейін клиент баға, портфолио және тәжірибе бойынша дизайнерді таңдайды. Дизайн жобасы дайын болған кезде біз клиентке тауарлар мен қызметтердің сенімді жеткізушілерін ұсынамыз. Біздің компанияның миссиясы дизайн-жобаны әзірлеу, ресурстарды жоспарлау және сапалы қызмет көрсету жолымен жөндеуді жеңіл және қызықты процеске айналдыратын инновациялық сервис құру.

Сіздер компанияның сайтында барлық ақпаратты егжей-тегжейлі зерттеп, қызметке тапсырыс беріп көре аласыздар, сондай-ақ жаңалықтар мен жаңашылдықтарды FaceBook-те қадағалауға болады.

Сайт: https://istokhome.kz/

FaceBook: https://www.facebook.com/istokhome.kz