30-ШЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ИНТЕРЬЕР КӨРМЕСІ
30-ШЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ИНТЕРЬЕР КӨРМЕСІ

ПІШІНДІ ТӨСЕНІШ, МЕТАЛЛ ЖАБЫНҚЫШ, МЕТАЛЛ САЙДИНГ, МЕТАЛЛ ҚОРШАУЛАҒЫШ, ГКТ ТӨСЕНІШІ, ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР, СУ АҒЫЗУ ЖҮЙЕСІ, БЕКІТПЕ

ПІШІНДІ ТӨСЕНІШ, МЕТАЛЛ ЖАБЫНҚЫШ, МЕТАЛЛ САЙДИНГ, МЕТАЛЛ ҚОРШАУЛАҒЫШ, ГКТ ТӨСЕНІШІ, ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР, СУ АҒЫЗУ ЖҮЙЕСІ, БЕКІТПЕ

Logo KMK

 

KMK Trade Company - сапалы жұқа табақты металл өнімдерін өндіру және сату бойынша республикалық көшбасшы болып табылады. Компания 2003 жылдың 11 қарашасында құрылды және нарықта 17 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бизнесті сыртқы нарықта кеңейту мақсатында 2012 жылы компанияның географиялық қатысуын, атап айтқанда Ресей нарығына кеңейту туралы шешім қабылданды: Новосибирск қаласында өндіріс ашылды. 2015 жылы Анапа және Волгоград қалаларында шатыр және қасбет зауыттары ашылды. 2019 жылы Кемерово, Краснодар және Симферополь қалаларында сату кеңселері ашылды. Сондай-ақ, 2018 жылы Алматы қаласында металл өнімдерін шығаратын зауыт ашылды.

 

Біздің кәсіпорынның артықшылықтары:

  1. Қазақстан нарығында 17 жылдан астам;
  2. 50-ден астам заманауи иілу сызықтары;кәсіпорынның күнделікті өнімділігі 150 000 м2 дейін;
  3. бізге 3000-нан астам клиент сенем білдіреді;
  4. Қазақстан мен Ресейде өндірістік қуаттардың болуы;
  5. компанияның 10 гектардан астам жалпы алаңының болуы.

Domik KMK

Шығарылатын өнімнің номенклатурасы:

  • пішінді төсеніш;
  • металл жабынқыш;
  • металл сайдинг;
  • ГКТ төсеніші;
  • металл қоршаулағыш;
  • орамалы болат;
  • штрипс;
  • қосымша материалдар;
  • гидрооқшаулағыш материалдар;
  • су ағызу жүйесі.

KMK Trade Company компаниясының менеджменті шығарылатын өнімнің сапасына ерекше назар аударады, ғылыми-техникалық дамудың ең соңғы жетістіктерін пайдалану мақсатында осы және аралас салалардағы жаңалықтарға мониторинг жүргізеді. Өнім сапасына қойылатын талаптар нормативтік құжаттармен (МЕМСТ және кәсіпорын Стандарттарымен) белгіленген.

Озық технологияларды пайдалану, заманауи жабдықтар мен жоғары білікті қызметкерлері арқасында компания металл айналымы нарығында бәсекеге қабілетті бола алады, бұл жаңа жобалар мен жоспарларды жоғары деңгейде іске асыруға көмектеседі.

Ofis KMK

«Супермонтеррей», «Панорама» металл жабынқышы – шатыр жабыны нарығындағы ең танымал шатыр материалы. Оның бірқатар артықшылықтары бар: беріктік пен ұзақ мерзімді пайдаланушылық, жеңіл салмақ, коррозияға төзімділік, орнатудың қарапайымдылығы, тығыздық, өрт қауіпсіздігі, түрлі түсті гамма.

«Корабельная доска», «Евробрус», «Блок Хаус», «Европанель» металл сайдингтері - қоғамдық және өнеркәсіптік ғимараттардың қасбеттерін қаптау үшін қолданылатын тамаша қаптау материалы. Артықшылықтары: ауа-райына төзімділік, ұзақ мерзімді пайдаланушылық, коррозияға төзімділік, оңай орнату, тартымды көрініс, отқа төзімділік.

Түрлі маркировкалы төсеніштер: С8, С10, НС18, НС21, НС35, НС44, Н60, Н75 – хайтек стиліндегі шатырларға, қабырғалар мен қоршауларға арналған заманауи және берік материал. Ол мырышталған болаттан және полимерлі жабынмен мырышталған болаттан жасалған. Артықшылықтары: ұзақ мерзімді пайдаланушылық, орнатудың қарапайымдылығы, практикалық, механикалық зақымға төзімділік.

Қосымша материалдар – жабынның сыртқы буындарын жабу үшін қолданылады. Бұл материалдардың алуан түрлері бар.

Металл қоршаулағыш – бұл профильдің әртүрлі нұсқалары бар металл панельдерден тұратын қоршау түрі. Ол полимерлі жабыны бар мырышталған болаттан жасалған.

ГКЛ арналған төсеніш – бұл әртүрлі ұзындықтағы металл элементтер. Олар мырышталған болаттан жасалған және жоғары беріктікке ие, коррозияға ұшырамайды. Гипсокартон плиталарын орнату кезінде бекіту негізі ретінде, аспалы төбелік құрылымдарды жасау үшін, қабырғаларды гипсокартон парақтарымен қаптау кезінде қолданылады.

Proizvodstvo KMKDom KMK

 

 

 

 

 

 

 

Proizvodstvo1Proizvodstvo2

 

 

 

 

 

 

 

Өнімнің толық тізімімен компанияның ресми сайтында танысуға болады, сондай-ақ Сіздер Instagram-дағы парақшаға жазылу арқылы соңғы жаңалықтар немесе науқандар туралы ақпарат ала аласыздар.

Сайт: www.kmktradeco.kz 

Instagram: kmk_trade