30-ШЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ИНТЕРЬЕР КӨРМЕСІ
30-ШЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ИНТЕРЬЕР КӨРМЕСІ

ЖҮКТІ АУЫСТЫРЫП ТИЕЙТІН ЖАБДЫҚТАР, ӨНЕРКӘСІПТІК СЕКЦИЯЛЫҚ ҚАҚПАЛАР, ПАНОРАМАЛЫ СЕКЦИЯЛЫҚ ҚАҚПАЛАР

Logo ALUTECH

ГАРАЖ СЕКЦИЯЛЫҚ ЕСІКТЕР, АВТОМАТИКАСЫ БАР КІРЕБЕРІС ЕСІКТЕР, РОЛЛЕТТІ ЖҮЙЕЛЕР, РОЛЛЕТТІ ҚАҚПАЛАР, СЫРТҚЫ КҮН ҚОРҒАНЫСЫ

«АЛЮТЕХ» КТ – Беларусияда, Ресейде және Батыс Еуропада 5 зауыт пен 20-дан астам өткізу компанияларын біріктіретін халықаралық өндірістік-өткізу холдингі. «АЛЮТЕХ» нарықта 28 жыл бойы табысты жұмыс істейді, инжинирингті жүзеге асырады және коммерциялық және жеке жылжымайтын мүлікке арналған заманауи шешімдерді ұсынады: жүкті ауыстырып тиейтін техниканы, секциялық өнеркәсіптік, гараж және кіру қақпалары, роллетті жүйелер, автоматика, алюминий бейінді жүйелер. Компанияның өнім қоржынындағы көптеген өнімдердің нарықта теңдесі жоқ.

ALUTECH 1

Өнімді объектілерге таңдау мен орнатудың ыңғайлылығына кең өткізу желісі, жоғары технологиялық қоймалар және фирмалық шоу-румдар арқылы қол жеткізіледі. Толық циклді өндіру және бұйымдардың сертификатталған сапасы Қазақстанды қосқанда бүкіл әлем бойынша мыңдаған объектілерді жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Өз объектілері үшін «АЛЮТЕХ» шешімін таңдаған компанияның негізгі клиенттерінің қатарына өңірдің ірі әзірлеушілері – BI Group, Sensata Group, Bazis, Orda Invest және басқалары кірді.

1. Жүкті ауыстырып тиейтін жабдық - қойманың тиімді және қауіпсіз жұмысын ұйымдастыруға арналған кешенді жабдық: теңестіру платформалары, саңылау тығыздағыштары, жүкті ауыстырып тиейтін тамбурлар мен алаңдар.

2. Өнеркәсіптік секциялық қақпа - пайдалану мерзімі бойы қауіпсіз және сенімді жұмысты қамтамасыз ету үшін, жемірілуге қарсы қасиеттері жоғары материалдардан жасалған, күшейтілген құрылымы бар бұйымдар.

3. Минералды қасбеттік әйнегі бар панорамалы қақпа - бұл максималды жарық өткізгіштік пен жоғары дыбыс және жылу оқшаулауын қамтамасыз ететін имидждік объектілер үшін стильді шешім.

4. Prestige сериялы гараж қақпасы - жылу оқшаулау мен ылғалға төзімділігі жоғары, тот баспайтын болаттан жасалған бірегей құрылымы мен фурнитурасы бар сенімді және берік бұйымдар. Нарықтағы эксклюзивті ұсыныс - кез келген кескінді қақпа кенептеріне қоюға мүмкіндік беретін сандық басып шығару.

ALUTECH 2ALUTECH 3

 

 

 

 

 

 

 

 

5. Автоматикасы бар кіреберіс қақпа - пайдалану ыңғайлылығын және аумақты бөгде адамдардан қорғауды қамтамасыз ететін берік және ұзаққа жететін алюминийден жасалған құрама қақпа.

6. Роллетті жүйелер оңтайлы микроклиматты сақтай отырып, бөлмені көзден, күннен, шу мен суықтан қорғайды. Қауіпсіздік пен жайлылыққа қойылатын талаптарға сүйене отырып, функционалдығы мен бюджеті бойынша әртүрлі бірнеше сериялы құрылымдарлар ұсынылады.

7. Роллетті қақпалар - жеке аумақтар мен қоғамдық мақсаттағы объектілер үшін, соның ішінде паркингтердегі сақтау орындарын жабдықтау үшін оңтайлы шешім. Жүйелер ыңғайлы және қауіпсіз қол жетімділікті қамтамасыз етеді, пайдалы аумақты сақтайды және жылу шығынын азайтады.

8. Сыртқы күн қорғанысы ғимарат ішіндегі жарық пен жылуды реттеуге, қызып кетуден, қолайсыз ауа-райынан және жәндіктерден қорғауға және таза ауа ағынын сақтауға мүмкіндік береді. Терезелерге, есіктерге, порталдарға, күркелерге және перголаларға орнатуға болады.

Өнімдер мен қызметтердің толық тізімімен компанияның ресми сайтында, сондай-ақ Instagram-да жаңалықтар мен жаңа өнімдермен танысуға болады.

Сайт: https://alutech-group.com

Instagram: https://www.instagram.com/alutech_official_kz/