KAZBUILD 2025 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРЫЛЫС СЕКТОРЫНДАҒЫ ӨСІМ МЕН ИННОВАЦИЯНЫҢ КАТАЛИЗАТОРЫНА АЙНАЛАДЫ
2025 ЖЫЛДЫҢ 3–5 ҚЫРКҮЙЕГІ АРАЛЫҒЫНДА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ЕҢ ІРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ИНТЕРЬЕР KAZBUILD 2025 КӨРМЕСІ ӨТЕДІ. ДӘСТҮР БОЙЫНША, КӨРМЕ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ ЖЕТЕКШІ ӨНДІРУШІЛЕРДІ, ДИСТРИБЬЮТОРЛАР МЕН КӘСІБИ МАМАНДАРДЫ БІРІКТІРЕДІ.
Бүгінгі таңда Германия, Иран, БАӘ, Польша ұлттық топтарының қатысатыны расталды, сондай-ақ Әзербайжан, Қытай және Ресей өндірушілерінің бірлескен экспозициялары ұсынылады.
Көрмеге қатысатынын мәлімдеген компаниялар қатарында: Алюминстрой, Анд Азия, Бастау Алматы, Bongioanni Macchine, Galaksi Group, Гипсовинил, Sultan Ceramic, Дёке Азия, Clea, Simons Werk, Kinlong және басқалар бар. Көрмеге жыл сайын жаңа компаниялар алғаш рет қатысады. Биыл тұңғыш рет өз стендтерімен келетін дебютанттар қатарында:
Ecoplit (Өзбекстан), Акустикалық материалдар (Қазақстан), IEK Group (Ресей), Taiss SRL (Италия), Durable Stone (Өзбекстан), Felo (Германия), Eweca (Нидерланды), Brodreskift Tech (Норвегия), TD Zangar (Қазақстан) және FK Kunstsoffe (Қазақстан) бар. Олар құрылыс және әрлеу материалдары мен жабдықтары, жарықтандыру және терезе жүйелері саласындағы озық шешімдерін ұсынады, бұл көрменің халықаралық ауқымы мен инновациялық әлеуетін айқын көрсетеді.
Көрменің жаңа павильонына ерекше назар аударылады, онда терезе-профильдік технологиялар өндірушілерінің ауқымды экспозициясы орналастырылады. Бұл KazBuild 2025 көрмесін соңғы әзірлемелер мен технологияларды ұсынуға арналған негізгі алаңға айналдырады. Көрме алаңының кеңеюі инновациялық өнімдер мен кешенді шешімдерді көбірек ұсынуға, қатысушылар географиясын кеңейтуге, сондай-ақ іскерлік қарым-қатынас, әлеуетті серіктестермен кездесулер мен өзара тиімді келісімдер жасау үшін ыңғайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.
Қазақстан құрылыс секторының қарқынды дамуы жағдайында KazBuild сияқты іс-шаралар кәсіби диалог пен нарықтың трансформациясы үшін қажетті катализаторға айналуда. Көрме тек жаңа өнімдер мен озық технологияларды көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар серіктестік орнатуға, тәжірибе алмасуға, жеткізушілер мен мердігерлерді табуға ықпал етеді.
Ресми деректерге, соның ішінде ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сәйкес, құрылыс саласының елдің ЖІӨ-дегі үлесі 6%-дан асады. 2024 жылы Қазақстанда 19,1 млн м² тұрғын үй пайдалануға берілді (бұл 2023 жылмен салыстырғанда 13,2%-ға көп), ал құрылысқа салынған инвестициялар көлемі 4 трлн теңгеден асты — бұл рекордтық көрсеткіш. Бұл деректер заманауи құрылыс материалдары мен технологияларына жоғары сұранысты, сондай-ақ кәсіби қауымдастықты қалыптастырып, халықаралық ынтымақтастықты нығайтатын іс-шаралардың маңыздылығын айқындайды.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ақпаратына сәйкес, орта мерзімді перспективада Қазақстан жыл сайын кемінде 18–20 млн м² тұрғын үй салуды, инфрақұрылымды жаңғыртуды және өнеркәсіптік нысандар мен әлеуметтік инфрақұрылымдарды салуға бағытталған ауқымды жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр. Бұл саладағы негізгі драйверлер: «Нұрлы Жер» тұрғын үй бағдарламасы, құрылыс индустриясын индустрияландыру, сондай-ақ «жасыл» және энергия үнемдейтін технологияларды енгізу болады.
Дәл осы үрдістер KazBuild 2025 тұжырымдамасында нақты көрініс табуда. Жетекші өндірушілер мен инновациялық компаниялардың қатысуы нарықтың өсіп келе жатқан сұранысына жауап беретін ұсыныстар жасауға және елдің тұрақты даму бағытын қолдауға мүмкіндік береді.
KazBuild 2025 көрмесіне қатысу — бұл қарқынды дамып келе жатқан нарықта өз позицияңызды нығайтудың, жаңа серіктестер табудың және өз шешімдеріңізді кәсіби аудиторияға ұсынудың бірегей мүмкіндігі.
Осы күндері қатар өтетін тағы бір маңызды іс-шара — Aquatherm Almaty 2025 көрмесі, бұл 17-ші халықаралық жылыту, сумен жабдықтау, сантехника, ауаны баптау мен желдетуге арналған тұрмыстық және өнеркәсіптік жабдықтарға арналған көрме.
Іс-шараны ресми түрде қолдайды: Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Алматы қаласының Әкімдігі, Сауда өкілдіктері мен дипломатиялық миссиялар
Ұйымдастырушылар: Қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы.
KazBuild 2025 көрмесі туралы толық ақпаратты, соның ішінде іс-шаралар бағдарламасын, қатысушылар тізімін және тіркеу туралы мәліметтерді www.kazbuild.kz ресми сайтынан таба аласыз.