30-ШЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ИНТЕРЬЕР КӨРМЕСІ
30-ШЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ИНТЕРЬЕР КӨРМЕСІ

ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІЛЕРДІҢ БАРЛЫҒЫ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ KAZBUILD 2020 КӨРМЕСІНДЕ

2020 жылғы күзгі көрме маусымының ауқымды басы Қазақстанда KazBuild 27-ші Халықаралық құрылыс және ішкі көрініс көрмесі болмақ, ол 2020 жылдың 8-10 қыркүйегі аралығында «Атакент» ҚІЫО-да өтеді.

26 жылдық жұмысы барысында көрме өзін Қазақстанның құрылыс нарығында өнімді жылжыту және қызмет көрсетудің тиімді құралы ретінде көрсете білді.

KazBuild 2019 рекордтық нәтижелер көрсетті:

  • Қатысушылардың 78% – Қазақстанда және Орталық Азияда әріптестерін іздеген халықаралық компаниялар;
  • Көрмеге индустрия жаңалықтарымен танысу және өз бинесін дамыту үшін өнім табуға 34 мемлекеттен 4 167 маман келді;
  • Ресейдің 12 ұжымдық қойылымы өз өнімдері мен қызметтерін ұсынды. Бұл көрменің барлық тарихында болған «ұжымдық стендпен» қатысушылардың рекордтық саны болды;
  • 3 күн ішінде сала сарапшылары 60 кәсіби семинар жүргізді;
  • Көрме шегінде 6 арнайы іс-шара өтті, солардың ішінде: B2B-өндірушілердің және Леруа Мерленнің сөйлесулері, «Perspective Design» жас мамандарына арналған конкурс, Сәулетшілер және дизайнерлердің мектебі және т.б.

Небәрі 2019 жылы KazBuild көрмесіне әлемнің 22 мемлекетінен 270 компания қатысты.

«KazBuild көрмесіне қатыса отырып, біз қажетті іс-шараға келгенімізді түсіндік. Бізде көптеген өте қажетті байланыстар пайда болды. Барлық байланыстар мақсатты: құрылысшылар, жобалаушылар және біздің саламыздың басқа да мамандары. Көрменің ерекшелігі мақсатты клиенттердің бұл жерде толық айналымда болуы. Біз ірі ресейлік көрмелерге қатысамыз және мақсатты аудитория бірінші күні ғана болатынын білеміз, екінші күні сирек. Ал бұл жерде біздің әлеуетті клиенттер мен әріптестер барлық үш күн бойы тоқтамағаны бізді таң қалдырды» - деп «Блокформ» жарнама бөлімінің басшысы, KazBuild 2019 қатысушысы түсіндірді.

KazBuild 2020 көрмесіне қатысушылар өнімді келесі бөлімдер бойынша көрсетеді:

  • Құрылыс және құрылыс материалдары;
  • Жабдықтар және аспаптар;
  • Терезе технологиялары;
  • Әрлеу материалдары;
  • Ішкі көрініс;
  • керамика және тас.

KazBuild 2020 көрмесіне қатысатындарын келесі компаниялар растады: Alcotek, Eglo, FINN LOG HOUSES, Fores, Nedex, Hafele, Huntsman, Profil House, Qazaq Mining, Simargl Door Factory, Tikkurilla, Берёзастройматериалы, Технониколь және т.б.

2019 жыл сол сияқты Қазақстан Республикасының құрылыс индустриясында рекордтық нәтиже көрсетті. 2019 жылдың соңында елімізде жалпы ауданы 11 076,1 мың шаршы метр тұрғын-үй ғимараттары қолданысқа берілді. 2019 жылдың қаңтар-қараша айларында тұрғын-үй құрылысына 1276,2 млрд. теңге жұмсалды, ол 2018 жылдың қаңтар-қараша айларына қарағанда 23,1% көп. Жаңа тұрғын-үй ғимараттарының көбі Алматыда қолданысқа берілді: 1,4 млн шаршы метр, ол Қазақстан бойынша жалпы ауданнан 15,6% құрайды. Сол сияқты тұрғын-үй құрылысына 1 трлн теңгеге тең жылдық инвестиция көлемінің рекордтық сомасы тартылды, ол 2018 жылдың деңгейінен 22,4% көп.

Құрылыс индустриясын белсенді дамытудағы жаңа ынталандыру «Жаңа Жібек Жолы» ауқымды жобасын береді, ол мемлекетті Еуропа және Азия арасында ірі іскерлік және транзиттік авияцияға (хаб) айналдырады. 2020 жылы республика арқылы жүк ағынының транзиттік көлемі шамамен 2 есеге артуы керек.

Қазақстанның құрылыс динамикасы дамуының өсіп келе жатқан оң динамикасын ескере отырып, ұйымдастырушылар келер жылдары экспозицияның белсенді өсуін және іс-шара өзектілігін болжайды. KazBuild көрмесі өзін өндірушілер мен жеткізушілердің жаңалықтарымен танысуға, сату нарығын кеңейтуге, бизнес әріптестікті жөнге келтіруге және нығайтуға мүмкіндік беретін тиімді іскерлік алаң ретінде көрсете білді.
KazBuild көрмесі Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Алматы қаласының Әкімдігі, Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының Сауда өкілдігінің қолдауымен өтеді.
Сондай-ақ, көрмені Қазақстанның кәсіби қауымдастықтары қолдайды: Қазақстанның Құрылысшылар Одағы, Сәулетшілердің, дизайнерлердің және құрылыс индустриясына өзге де кәсіби қатысушыларының қауымдастығы, KazGor Жобалық Академиясы, Сәулетшілер мен Дизайнерлердің Халықаралық Одағы, IDEAS дизайнерлер клубы.

Ұйымдастырушысы Iteca Қазақстандық көрме компаниясы.

2019 жылдың көрме қорытындысымен және өзге де пайдалы ақпаратпен іс-шараның www.kazbuild.kzресми сайтында танысуға болады.